Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.
«Аталған азаматшаның құрығына түскен кезекті адам 15 жастағы қыз бала болатын. Ол алаяқты аялдамада кездестірген. Ақырында қыз жақын маңдағы емханаға жол көрсетіп жіберуді өтінген әйелге үйдегі барлық бағалы заттарды әкеліп берген», — делінген хабарламада.
Әккі әйел жалпы сомасы 680 мың теңгенің затын иемденіп кете барған.
Қыз болған оқиғаны бірден ата-анасына айтуға қорыққан. Кейінірек полицияға хабарласқан ққыздың анасы «күдікті гипноз қолданған болуы мүмкін екенін» айтыпты. Өйткені, жасөспірім болған оқиғаның кей тұстарын еміс-еміс қана есте сақтап қалған.
Тексере келе полицейлер күдіктінің бұрын осындай қылмыс жасағаны үшін істі болғанын анықтады. Соңғы рет ол бостандыққа осыдан бір ай бұрын ғана шыққан көрінеді.