Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Алматының Медеу ауданындағы Зенков көшесінде 20 қыркүйекте сағат 23.35-те 2 және 6 қабаттар аралығындағы кабельді шахта 30 шаршы метр аумақта өртенді.
Соның салдарынан 11, 7 және 3 жастағы үш бала көмірқышқыл газынан уланып, ауруханаға жатқызылды.
Өрт ҚР ТЖМ Өрт сөндіру қызметінің 4 арнаулы техникасы мен жеке құрамының 12 адамының көмегімен 21 қыркүйекте 02 сағат 56 минутта сөндірілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті