Алматыда өзін қаржы полициясы қызметкері ретінде таныстырып, ақша бопсалаған қос тұрғын құрықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда өзін қаржы полициясы қызметкері ретінде таныстырып, ақша бопсалаған қос тұрғын құрықталды

Алматыда өзін қаржы полициясы қызметкері ретінде таныстырып, ақша бопсалаған қос тұрғын құрықталды

 Алматыда өздерін қаржы полициясы қызметкері ретінде таныстырып, интернет-кафе қожайынынан ақша бопсалаған қос тұрғын құрықталды.

  • 28 Қараша 2013
  • 384
Фото - Caravan.kz

Қалалық қаржы полициясы департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жуырда қаржы полицейлері интернет-кафені тексергісі келетіні туралы ақпар келіп түскен. Сонымен қатар, олар тексерістен оңай құтылу үшін дәмхана қожайынынан ақша талап етіпті.

«Алаяқтықпен айналысты деген күдікпен интернет-кафеде 25-26 жастағы қос еркек құрықталды. Тексере келе, олардың қаржы полициясына еш қатысы жоғы анықталды», — делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, алаяқтар дәмхана қожайынынан 500 доллар талап еткен.


Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.