Алматыда патрульдік полиция полкінің қызметкерлері қызды суицидтен құтқарды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда патрульдік полиция полкінің қызметкерлері қызды суицидтен құтқарды

Алматыда патрульдік полиция полкінің қызметкерлері қызды суицидтен құтқарды

 

  • 26 Шiлде 2021
  • 26
Фото - Caravan.kz

Алматыда патрульдік полиция полкінің қызметкерлері суицид жасамақ болған әйелді құтқарды, деп хабарлайды Caravan.kz порталы. 

Polisia.kz мәліметі бойынша, 24 шілдеде таңғы сағат төрт жарымда Қарасай батыр көшесіндегі үйлердің бірінің шатырында бір әйел төртқабатты үйдің шатырына шығып, секірмек болған. Мұны патрульдік полиция полкінің қызметкерлері Алмалы аудандық ПБ ғимаратынан шығып бара жатқанда көрген.

Полиция лейтенанты Расул Маметниязов пен полиция аға лейтенанты Данияр Тастекеев еш ойланбастан үйге жүгіріп келіп, өрт сөндірушілер баспалдағымен шатырға көтерілді. Ол шатырдың ең шетінде тұрған, жас қызметкер оны соңғы қадамға баруға дайын болған сәтте ұстап алды. 28 жастағы Валерия есімді қыз есеңгіреген күйде болған, деп нақтылады құзырлы ведомства.

Полиция оның күйзелісте болғандығын және суицидке не себеп итермелегені әлі белгісіз екенін атап өтті. Қазіргі кезде онымен психологтар жұмыс істеуде.


 

Соңғы жаңалықтар