Жарияланды: 220

Алматыда полицейлер көшеге қойылған көліктерді айып тұрағына әкетіп жатыр

Алматы полицейлері қала көшелерін тазартуға кірісті. Бүгін олар таңның атысынан тыйым салынған жерлерде қалдырылған машиналарды айып тұрағына әкетіп, жүргізушілерге хаттама толтырып жатыр.

Осылайша жол сақшылары ескертуден жазалауға көшті. Олар көліктерін қалаған жеріне тастап, өзге жүргізушілерге кедергі жасайтындарды нысанаға алған. Полицейлер ережені елемейтіндерді ұзақ іздеп әуре болған жоқ. Көлік қоюға тыйым салынатын белгілердің ілініп тұрғанына қарамай машиналарын қалдырып кеткендер көп екен. Кейбірі тіпті жолдың жартысын жауап тастаған. Енді олардың барлығы кемі 10 мың теңге айыппұл төлейді. Бүгінгі тексеру барысында жүзден астам хаттама толтырылып, 20 машина айып тұрағына жөнелтілді. Бірақ  алматылық жүргізушілердің тәртібін түзету оңай болмайтын сияқты. Себебі тазартылған жол сол мезетте-ақ өзге көліктердің тұрағына айналды. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін