Алматыда қайнаған суға күйген азамат өтемақы талап етті - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда қайнаған суға күйген азамат  өтемақы талап етті

Алматыда қайнаған суға күйген азамат өтемақы талап етті

Алматыда тағы да жылу құбыры жарылды. Қалада мұндай оқиға бірінші рет болып тұрған жоқ. Бір қызығы, былтырғы апат та дәл осы уақытта, яғни ақпанның 10-ы күні, дәл осы ауданда болған. Енді араға тура бір жыл салып қайталанып отыр.

  • 11 Ақпан 2015
  • 222
Фото - Caravan.kz

Бүгінгі апаттан бір адам зардап шекті. Ол Алматы тұрғыны Алғатай Нұрсейітов. Жеңіл көлікпен келе жатқан 45 жастағы азамат қайнаған суға толы шұңқырға түсіп кетіпті. Сол кезде ыстық су көлігіне кіріп, аяғын күйдірген. Десе де, зардап шегуші стационарлық емнен бас тартты. Оған сол жерде алғашқы медициналық жәрдем көрсетіліп, үйіне жіберілді. Бұдан бөлек, апат салдарынан айналаға ыстық су жайылып, көлік қозғалысы қиындаған. Әрі көп қабатты 4 үй мен екі мектеп жылудан қағылды. Ал мамандар құбыр тозығы жеткен соң жарылды дейді. Айтуларынша, бұл маңдағы жылу құбырлары 30 жылдан астам уақыт бойы жөндеу көрмепті. Бүгін де жарылған құбырдың тесігі ғана жамалып, қайта көмілді.

Алғатай Нұрсейітов, зардап шегуші:

-Мына қиылысқа келгенімде, алдымдағы жер опырылып түсті. Көлігімнің алды да ішіне қарай кіріп кетті. Сөйтсем жылу құбыры жарылыпты. Аяғымды күйдірдім. Көлігіме де зақым келді. Енді жауаптылар өтемақысын төлесін.