Алматыда қаңғыбас иттер 3-ке толмаған баланы талап өлтірді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда қаңғыбас иттер 3-ке толмаған баланы талап өлтірді

Алматыда қаңғыбас иттер 3-ке толмаған баланы талап өлтірді

Алматыда қаңғыбас иттер 3-ке толмаған баланы талап өлтірді. Оқыс оқиға туралы қалалық ІІД баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек хабарлады.

  • 13 Сәуiр 2016
  • 608
Фото - Caravan.kz

Қайғылы жағдай Ақбұлақ шағын ауданында орын алған. Бүлдіршін таңертең сағат 10:20-да ауладан көшеге шығып кеткен.

Қаңғыбас иттер қараусыз баланы талап тастаған. Бүлдіршін дәрігерлер келгенше жан тапсырды.

«Қазір сот-медициналық сараптама тағайындалды. Алатау аудандық ІІБ тергеу амалдарын аяқтаған соң процессуалды шешім қабылданатын болады», — деді қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Оқиға орнында полицейлермен бірге ветеринарлық қызмет өкілдері жұмыс жасап жатыр. Олар шабуыл жасаған иттерді қолға түсірумен айналыспақ.