Алматыда қаңтарда айлық орташа температура нормадан жоғары болады - Қазгидромет - kaz.caravan.kz
  • $ 462.91
  • 542.16
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
4 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда қаңтарда айлық орташа температура нормадан жоғары болады - Қазгидромет

Алматыда қаңтарда айлық орташа температура нормадан жоғары болады - Қазгидромет

АЛМАТЫ. 28-желтоқсан. Kazakhstan Today. Алматыда 2007-жылғы қаңтарда айлық орташа температура нормадан жоғары болады, осы айда ылғал көп түседі. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігі "Қазгидромет" РМК-ына сілтеме жасап хабарлайды.

  • 28 Желтоқсан 2006
  • 869
Фото - Caravan.kz

«Айлық орташа температура 4,4 градус суықты көрсетеді. Бұл Цельсий өлшемімен нормадан бір градус жоғары»,- деді агенттікке берген сұхбатында «Қазгидромет» РМК-ның күн райым бақылаушысы Светлана Аманқұлова.

Күн райын бақылаушылардың хабарлауынша, қаңтардың алғашқы онкүндігінде

сынап бағанасы түнде 6 — 11-ден 11 — 16-ға дейін суықты, ал күндіз 3 — 8-ден 8 — 13 градусқа дейін суықты көрсетеді. Онкүндіктің екінші жартысында ауа температурасы түнде 3 — 8, күндіз 3 градус суықтан 2 градусқа дейін жылыны көрсетеді.

Екінші онкүндікте ауа температурасы түнде 3 — 8-ден 12 — 17 градусқа дейін суық, күндіз 3 градус суықтан 2 градусқа дейін жылыдан 5 — 10 градусқа дейін суық болады.

Светлана Аманқұлованың айтуынша, үшінші онкүндікте түнде 3-8 градус суық, күндіз 3 градус суықтан 2 градусқа дейін жылы болады. Осыдан кейін сынап бағанасы түнде 13-18 градус аязды, ал күндіз 7-12 градусты көрсетеді.

Қаңтарда ылғал нормадан көп түседі. «Қар түріндегі ылғал айдың алғашқы жартысы мен айдың аяғында түседі»,- деді С.Аманқұлова. Ай бойы қалаға жиі тұман түсетін болады. Ал қаңтардың бірінші онкүндігі мен үшінші онкүндігінің ортасында жолдарда көктайғақ болады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті