Оқиға куәгерлерінің айтуынша, ақша айырбастау бөлімшесіне шабуыл жергілікті уақытпен 10 сағат 45 минут шамасында жасалған. Қарақшылық шабуылға үш адам қатысқан. Олардың бірі Калашников автоматымен қаруланған көрінеді. Атыс салдарынан екі күзетші де оқиға орнында мерт болған. Тонаушылар бір қап ақшаны ала кеткен.
Қылмыскерлер іздерін жасырып үлгерді.
Қазір оқыс оқиға орнында тергеушілер мен криминалистердің оперативтік тобы жұмыс істеуде. Қалада шұғыл құрықтау шарасы жарияланды.
Алматы қалалық ІІББ баспасөз қызметінің ақпараты бойынша қылмыскерлер әзірге қолға түскен жоқ. Қолды болған ақша көлемі нақтыланып жатыр.