Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, қылмыскерлер ақша айырбастау бөлімшесінен 150 мың евро алып кеткен.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, қарулы қарақшылық шабуыл салдарынан ақша айырбастау бөлімшесінің екі күзетшісі қаза тауып, бір адам жараланған болатын.
Тәртіп сақшылары қылмыскерлердің оқиға орнынан «такси» белгісі бар қызыл түсті «ВАЗ-2106» автокөлігімен із жасырғанын анықтады.
Алматы қалалық ІІББ оқиға куәгерлері мен осы туралы қандай да бір ақпараттан хабардар адамдарды 54-46-01, 54-43-67, 54-40-09, немесе 02 телефоны арқылы хабарласуды сұрайды.