Жарияланды: 470

Алматыда қаржы полициясы сот үкімін орындаушыға қатысты қылмыстық іс қозғады

Алматы. 17 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес агенттігінің Алматы қалалық департаментінің қызметкерлері Алматының бір ауданының сот үкімін орындаушысының үстінен қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды агенттік тілшісі қаржы полициясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"ҚР Қылмыстық кодексінің пара алу жөніндегі 311-бабының 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот үкімін орындатушы "Альянс банк" АҚ-ынан алған несиенің төлемін төлеу мерзімін кейіндету үшін 60 мың теңге пара алып жатқан сәтте ұсталды", - деп хабарлайды баспасөз қызметі. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін