Алматыда Қазақстан, Өзбекстан, Иран суретшілерінің көрмесі өтіп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 465.74
  • 531.08
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда Қазақстан, Өзбекстан, Иран суретшілерінің көрмесі өтіп жатыр

Алматыда Қазақстан, Өзбекстан, Иран суретшілерінің көрмесі өтіп жатыр

 Бүгін Алматыда Көркем көрмелер мен аукциондар дирекциясында Қазақстан, Өзбекстан, Иран суретшілерінің «Керуен» көрмесі ашылды. Аталмыш шараның ұйымдастырушылары - «Арт Каюр» галереясы.

  • 24 Ақпан 2011
  • 407
Фото - Caravan.kz

Көрмеге әлемге танымал, заманауи Өзбекстан суретшілері — Атахан мен Сардор Аллабергеновтардың, Анвар Бахтеев, Исфандияр Хайдаровтың, ирандық суретші Додашидің, сонымен қатар, Қазақстан мен Өзбекстанның ардагер суретшілері — Надежда Кашинаның, Борис Брынскийдің, Владимир Санталовтың және тағы да басқа қылқалам шеберлерінің туындылары қойылған.

Көрме 7 наурызға дейін жалғасады. Кіру — тегін.