Жарияланды: 520

Алматыда «Қазақстандағы франчайзинг 2011» ІV халықаралық көрмесі ашылды

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры мен Франчайзинг одағы бірлесіп ұйымдастырған бұл көрме осымен төртінші мәрте өтуде.

Алдыңғы өткізілген көрмелердің нәтижесінде еліміздегі кәсіпкерлер мен даму институттарының франчайзингке қызығушылығы артқан. Тек соңғы 5 жыл ішінде шетелдік брендтер саны 30-дан 500-ге дейін ұлғайған. Франчайзинг бұл - нарық субъектілері арасындағы, атап айтқанда, бір тараптың екінші тарпқа төлем арқылы белгілі бір бизнес түрін, оның дайындалған бизнес-үлгісін сақтай отырып жүргізуге берілетін құқық. Жиын барысында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының басқарма төрағасы міндетін атқарушы Асқар Есімов «Франчайзингілік қатынастар қатысушыларына мемлееттік қолдау» тақырыбында баяндама жасап, жаңадан құрылған Ұлттық орталықтың мақсат, міндеттеріне тоқталды. Сонымен бірге ол 2011 жылдан бастап «Бизнес-Кеңесші» бағдарламасы аясында кәсіпкерліктің жедел курстарына Франчайзинг орталығымен бірлесіп жеке бөлім енгізу жоспарланып отырғандығын жеткізді. «Осы арқылы бағдарлама тыңдаушыларын франчайзингтік қатынастардың негізігі қағидаларына оқытып-үйретуге және өңірлерде кеңінен насихаттауға мүмкіндік туады. Жалпы әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, бұл бизнестің тиімді даму әдісі болып отыр. Қазақстандағы франчайзингтің дамуын 1994 жылы «Coca Colla» зауытының пайда болуынан бастап бақылаудамыз. Содан бері елдiң тұтынушылары шетелдiк тауарлардың түрлi маркалардын алуға мүмкiншiлiгi болды», -дейді А. Есімов. Елімізде мұндай көрме алғаш 2005 жылы өткізілген. Содан бері 600-ден астам франчайзинг келісімдері жасалынған. Егер 2007 жылы франчайзинг айналымы жылына 500 миллион АҚШ долларын құраса, бүгінгі таңда бұл көрсеткіш 1 миллиард долларға жеткен. Сондай-ақ жиын барысында «Даму» қоры мен Франчайзинг одағы арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін