Жарияланды: 820

Алматыда Қазіргі заманғы статистикалық ғылымның жетістіктері : теория және оны пайдалану " деп аталатын бірінші халықаралық статистикалық конференция басталды

Бүгін, 9-маусымда Алматыда "Қазіргі заманғы статистикалық ғылымның жетістіктері : теория және оны пайдалану " тақырыбында бірінші халықаралық статистикалық конференция басталды. Елімізде алғаш рет өткізіліп отырған

бұл конференцияны КИМЭП-тің зерттеулер және даму жөніндегі Орталығы ұйымдастырды. Маусымның 12-жұлдызына дейін жалғасатын аталмыш алқалы жиында статистиканың іргелі математикалық әдістеріне қатысты проблемалар мен оларды кәсіпкерлік, медицина, биология, статистика және ақпараттық қауіпсіздік салаларында тәжірибе жүзінде пайдалану мәселесі талқыланбақ. Конференцияға Германия, Израиль, Үндістан, Иран, Канада, Корея, Оман, Ресей, АҚШ, Өзбекстан, Франция, Швейцария және Жапония тәрізді 14 елдің статистика саласындағы жүзден астам майталман мамандары қатысуда.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін