Алматыда қоғамдық көліктер түгел электронды билетке ауысатын болды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда қоғамдық көліктер түгел электронды билетке ауысатын болды

Алматыда қоғамдық көліктер түгел электронды билетке ауысатын болды

Қала тұрғындары алдағы қазан айынан бастап барлық қоғамдық көлік түрлерінде тек төлем карталарымен жүре бастайды. Жаңа жүйе қазір сынақтан өтіп жатыр.

  • 22 Шiлде 2015
  • 312
Фото - Caravan.kz

Электронды төлемақы дәл осылай жүргізілетін болады. Ал төлемақы жүргізу үшін тұрғындарға картаның 4 түрі ұсынылмақ. Бірі жалпыға ортақ қолданылатын қарапайым карта, қалған үшеуі жеңілдігі бар жолаушыларға арналған. Ал картаның ішіне ақша салу үшін қала бойынша 8 мың нүкте тұрақты жұмыс істейді. Қазіргі таңда әрқайсысының құны 500 мың теңге тұратын мынадай қондырғылар барлық автобустарға орнатылып жатыр. Жалпы жоба өз құнын жеті жыл ішінде ақтайды деп жоспарланған.

Рифат Абдураманов, «Алматы транспорт холдингі» ЖШС өкілі:

-Ең соңғы үлгідегі технологиялар қолданылып отыр. Мұндағы басты мақсат, ақы өтеуде адам факторларын азайтып, барлық қаражаттың мемлекет қазынасына түсуін қамтамасыз ету. Сондай-ақ, жолақы төлемей қашып құтылам деу де бекершілік. Біз бұл жағын әкімшілік полициямен ақылдасып қойғанбыз.