Алматыда қойма өртеніп миллиондаған теңгенің тауары жанып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда қойма өртеніп миллиондаған теңгенің тауары жанып кетті

Алматыда қойма өртеніп миллиондаған теңгенің тауары жанып кетті

Алматыда тағы да өрт. Тілсіз жау бұл жолы қаланың қақ ортасындағы қоймаларды шарпыды. Өндіріс ошақтарының ортасында орналасқан базаға кәсіпкерлер арақ-шарап пен азық-түлік, техника және құрылыс материалдарын сақтаған екен. Лезде күш алған жалын 2 мың шаршы метрдей аумаққа таралып, сол миллиондардың тауарын санаулы сағатта күлге айналдырды.

  • 28 Ақпан 2014
  • 209
Фото - Caravan.kz

—  Өрт шыққан  қоймада азық-түлік, түрлі техника мен арақ-шарап сақталыпты. Өрт ғимараттың ішінен шыққан. Қазір шатыры да алаулап жанып жатыр. Ғимараттың ішінде адамның болғаны, болмағаны әзірге белгісіз.

Бір анығы өрт мұндағы жұмысшылар түстік асқа кеткенде тұтанған. Үлгергені дүние-мүлігін құшақтай сыртқа қашыпты.

-Өрттің қалай шыққанын түсінбей қалдық. Бір қарасақ түтін көкке көтеріліп жатыр екен. Бірден далаға шықтық.

-Заттарымыздың барлығы іште қалды. Енді кіре алмай сыртында күтіп тұрмыз.

Аузы мұрны тола қойма ішіне құтқарушылар жете алар емес. Тілсіз жау тұтанған аумақта бір емес, бірнеше ірі қойма орналасқан екен. Әрқайсысы түрлі алып компанияларға тиесілі. Тауарлардың ендігі түгі қалмаған. Жан-жағы темірмен қапталғанмен, шатыры ағаштан болып шықты.


Ералхан Әділбеков, Алматы қаласы ТЖД өрт сөндіру және құтқару жұмыстары бастығының орынбасары:

-Астында темір болғанымен арасында қуыс болғаннан кейін өрт сол ағаштың арасымен жанып төбеден қиындық келтіріп отыр. Ал былай өрт сөндіру мөлшеріне жетті.

База енді қолдануға жарамсыз. Өйткені, өрттен тек қаңқасы қалды. Төтенше жағдайлар қызметі тауарлар 100 пайыз жанып кеткенімен, бірде бір жұмысшының зардап шекпегенін айтады. 2 мың шаршы метр аумақты шарпыған өрттің шығу себептері әзірге белгісіз. Шығынның мөлшері де есептеліп жатыр.