Алматыда қолайсыз ауа райы салдарынан 12 әуе рейсі кейінге қалдырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда қолайсыз ауа райы салдарынан 12 әуе рейсі кейінге қалдырылды

Алматыда қолайсыз ауа райы салдарынан 12 әуе рейсі кейінге қалдырылды

Алматы халықаралық әуежайында ауа райының қолайсыздығы салдарынан 12 авиарейс ұшырылымы тоқтатылды.

  • 20 Қараша 2015
  • 407
Фото - Caravan.kz

Әуежай анықтамалық бюросының хабарлауынша, 12 рейс — тоғыз ішкі, үш халықаралық рейс кейінге қалдырылған. Сонымен 20 қарашаға қараған түні Астана, Тараз, Павлодар, Жезқазғаннан ұшатын рейстер кейінге шегерілді.

Сондай-ақ Алматы-Мәскеу, Алматы-Хошимин, Алматы-Ыстамбұл халықаралық рейстері тоқтатылып, Үрімжіден рейс кейінге қалдырылды.

Алматыда 20 қарашаға қараған түні қалың тұман түсіп, ауа температурасы +6 +8-ді құрады.