Алматыда "Қуат" компаниясының үлескерлері өз пәтерлеріне коммуникацияны өз есептерінен қосуға дайын - телеарна - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда "Қуат" компаниясының үлескерлері өз пәтерлеріне коммуникацияны өз есептерінен қосуға дайын - телеарна

Алматыда "Қуат" компаниясының үлескерлері өз пәтерлеріне коммуникацияны өз есептерінен қосуға дайын - телеарна

Алматы. 19-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда "Қуат" компаниясының үлескерлері өз пәтерлеріне коммуникацияны өз есептерінен қосуға дайын, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасай отырып.

  • 19 Ақпан 2008
  • 467
Фото - Caravan.kz

Телеарна хабарлағандай, құрылыс компаниясының үлескерлері — 500-ден астам отбасы өз пәтерлеріне әлі кірмеген. Тіпті оның құжаты да қолдарына тимеген.

«Қуат» компаниясының басшылығы коммуникацияны өткен жылдың қыркүйек айында қосып беруге уәде берген. Үлескерлерде тіпті кепілдеме қағазы да бар. Алайда, әлі күнге дейін үлескерлер пәтер жалдап, әлі құжатын да алмаған пәтерлері үшін несие төлеуге мәжбүр», — деп хабарлайды телеарна.

Телеарна ақпаратына сүйенсек, бір үйді коммуникацияға қосу үшін 12 млн теңге қажет. «Құрылыс нарығы дағдарысты бастан кешіріп жатса да, компания үшін бұл түкке тұрғысыз ақша», — дейді үлескерлер.

«Инвестиция тартудың жаңа әдістерін игеру бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде. Бұл қаржыландырудың тапшылығының салдарын жою мен біздің үлескерлеріміз алдындағы міндеттемелерімізді орындауды тезірек жүзеге асыру мақсатында жасалып жатыр. Атап айтқанда, мәселе шетелдік инвестицияларды тарту бағдарламасы туралы болып отыр», — деді «Қуат» құрылыс компаниясының басшысы Олег Нам.

Әлі инвестиция тартылмаған. Оның орынына жолы болмаған үйлердің иелеріне уәде тарату ісі жалғасуда. Мысалы, құрылыс компаниясының өкілдері осыдан бір ай бұрын төмендегі мәтінді айтқан телеарна еске салды: «Бізге жылу, су және басқалары бойынша рұқсат берілді. Қазір Алматыда қатты суық тұруына байланысты мұны тез арада іске асырудың мүмкіндігі жоқ. Біз екі аптаның ішінде мұны жасай аламыз. Біраз жылынсын, сол кезде үйлерді жылыту да, жылуды іске қосу да оңайырақ болмақ».

«Алматы жылынды. Ал үлескерлер болса, басқа қадамға баруға шешім қабылдады. Әр пәтерден 550-1000 АҚШ доллары көлемінде ақша жинастыра бастаған. Үлескерлер жарық, жылу мен суды өз беттерімен қосып алуға бел байлаған», — деп хабарлайды телеарна.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті