Алматыда құлға айналған жұмысшылар бала-шағасымен құрылыс басында түнеуге мәжбүр - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда құлға айналған жұмысшылар бала-шағасымен құрылыс басында түнеуге мәжбүр

Алматыда құлға айналған жұмысшылар бала-шағасымен құрылыс басында түнеуге мәжбүр

Құлға айналған құрылысшылар! Алматы іргесіндегі Талғар қаласында ауыл-аймақтан келген бір топ жұмысшы құрылыстың басында кәдімгі құлдарша өмір сүріп жатыр. Күндіз мемлекеттік бағдарламамен салынып жатқан тұрғын үйде тегін тер төксе, түнде - дүңгіршек ішінде түнейді. Қайтып кетуге қалталарында көк тиын жоқ. Ал төрт айдан бері жалақы төлемеген фирманың өзі істі боп жатыр екен. Сөйтіп, құрылыс та, жұмысшылар да жайына қалған.  

  • 31 Шiлде 2015
  • 352
Фото - Caravan.kz

-Оңтүстіктен нәпәқа іздеп келген жұмысшылар қазір мұнда бала-шағасымен бірге тұрып жатыр. Ана вагонда ер кісілер ұйықтаса, ал арғысында кілең әйелдер орналасқан. Мінекей, мынадай құрылыс қалдықтарының арасында жуынып, осында тамақтанып жүр.

Контейнердің ішінде күнелтіп, кір төсекте жатады. Тапқан тамағын ішіп, әркімнен су сұрап жуынудан басқа амалдары жоқ.

Гүлнар Тазабекова, сылақшы:

-Жуынатын заттар керек. Киімді ауыстыру керек. Қашанға дейін бүйтіп жүре береміз? Біз барлық киімді әкелмедік қой. Бір 3-4 киім әкелдік.

Гүлнар мұнда сонау Түркістаннан келіпті. Сылақшыны «Келешек» атты компания мемлекеттік бағдарламамен салынып жатқан тұрғынүйді әктеп, сырлауға әкелген. Дәл осылайша келісім-шартпен Тараз бен Шымкенттен 50 адам жүр. Құрылыс мемлекеттің бақылауында деп сендік дейі олар. Алайда, компания тек бір жолғы жалақыны беріп, одан кейін көк тиын көрсетпеген.            

Берік Масанов, құрылысшы:

-Әйелімнің операциясына ақша бере алмай осы жерде жатырмын. Не бала-шағаммен сөйлесуге бетім жоқ барып, телефоным да жоқ сол сөйлесіп айтуға «қызым міне осындай болып жатыр» деуге. Күнде айтатындары келесі аптада, келесі аптадамен бәрімізді тойдырды.   

Жұмысшылармен қоса мұнда бала-шағасы да жүр. Қарайтын адам болмай, табыс табуға өздерімен бірге ала келіпті. Үлкендермен бірге олар да күркелерде түнеп, лас жерде тамақтанады.    

-Не жейміз енді? Не жейміз? Ақпанда алғанбыз ақшамызды соңғы. Бізде бала-шаға жоқ па?

Ал азық-түліктен тек жарты қап тұз бен 5-6 пияз қалған. Бейшара күйге түскен бригада төрт ай бойы төбе көрсетпеген компания басшылығын бала-шағасымен бірге іздеп барғанымен, кеңседегілердің өздері қашуға дайындалып жатыр екен.

-Компанияның шоты бұғауланды. Ақша жоқ. Басқа не айтам?

Бақылауды бетімен жіберген Талғар әкімдігі құрылыс компаниясына 50 миллион теңгені беріп те қойған екен. Сол қыруар қаржыға үйдің қаңқасы ғана тұрғызылыпты. Әкімнің өзі болса, жұмысшылардың жалақысы түгілі құрылыстың аяқсыз қалғанынан да хабарсыз.      

Дәулет Батталғазиев, Талғар қаласының әкімі:

-Ол жағын енді, қарындасым, мен білмеймін. Ондай ақпарат  келген жоқ. Егерде жалақы төленбеген болса әкімшілікке келетін еді ғой адамдар. Мен қазір сіздерден бірінші рет естіп тұрмын. Ондай жағдай бізде жоқ, тіркелмеген де.

Қара жұмысшылар енді қайда барарын білмейді. Сенген билігі «сен кімсің» деп аспаннан түскен күйде отыр. Ағайын-туыстары амалдап алып кетпесе, барлығы құрылыс басында қала бермек. 

Соңғы жаңалықтар