Алматыда Құлжа тас жолында екінші ХҚКО құрылады - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда Құлжа тас жолында екінші ХҚКО құрылады

Алматыда Құлжа тас жолында екінші ХҚКО құрылады

Алматыда Құлжа тас жолында екінші жүргізушілерге арналған арнайы Халыққа қызмет көрсету орталығы құрылады. Бұл туралы қала әкімі Ахметжан Есімов мәлімдеді. 

  • 19 Ақпан 2015
  • 600
Фото - Caravan.kz

«Алатау ауданында орналасқан арнайы ХҚКО біздің қаламызға аздық етіп отыр. Болашақта Құлжа тас жолында учаске белгілеп алып, сол жерге екінші арнайы ХҚКО-ны салуды жоспарлап отырмыз», — деді Алматы әкімі ХҚКО-ның баяу жұмысына шағымданған тұрғындардың сауалына жауап бере отырып.

Шаһар басшысы арнайы ХҚКО ашыла салған кезде өте тиімді жұмыс жүргізгенін, кейін «көлденең көк аттылардың» кесірінен делдалдықтың өршіп кеткенін атап өтті.
«Қалалық ІІД «делдалдарды» анықтаумен айналысып жатыр. Оларды ақша алып тұрған жерінен ұстау керек», — деді А.Есімов.