"Бүгін менін талаптарыма қолдау жасап, аштық жариялау шарасына Рамазан Есергепов қосылды", деді "Интерфакс-Қазақстанға" Г.Ерғалиева.
Сонымен қатар, оның айтуынша, дүйсенбіде оны қолдап қоғамдық штаб құрылған, оның құрамында қоғамдық қайраткерлер, БАҚ редакторлары және журналистер бар.
Жуық арада штаб президент пен бас прокурордың, Жоғарғы сот төрағасының атына арнап мәлімдеме таратпақ, онда осы жағдайға араласу сұралмақ, деді ол.
Г.Ерғалиева аштық жариялағалы бері 8 кило салмақ жоғалтқандығын айтты.
Алдында хабарланғандай, 19 қаңтар күні Г.Ерғалиева журналдың жабылуына орай аштық жариялаған. Ол журналды жабу туралы сот шешімін өзгертуді және айыппұл көлемін азайтуды сұрайды.
Өткен жылы 24-желтоқсанда Медеу аудандық соты "Adam bol" журналын жабу туралы қалалық әкімшіліктің ішкі саясат басқармасының қуынымын қанағаттандырған болатын.