Жарияланды: 370

Алматыда «Құрмет күні» өтіп жатыр

Бүгін Алматыда «Құрмет күні» - жастарға үлгі өнеге көрсетейік» деген айдармен Халық қаһарманы, генерал-лейтенант Бақытжан Ертаевпен кездесу өтіп жатыр.

Шараны «Болашақ» республикалық қозғалысы ұйымдастырған. «Қазақ халқында ерен ерлігімен еліне үлгі-өнеге болған батырлар өте көп. Осы күнге дейін жастарымыздың ой-санасын батырлыққа, мінезін қайсарлыққа, көкірегін қайтпастыққа, өзін ақылдылыққа тәрбиелеуде бірден-бір үлкен рөл атқарған осы - батырлардың өмірі. Алайда көп жағдайда шынайы өмірдегі батырлар ұмыт қалып жатады. Сондықтан жастарымыздың ой-санасы космополиттеніп бара жатқан сияқты», - дейді «Болашақ» қоғалысының жастар қанатының төрағасы Елнұр Бейсенбаев. Оның айтуынша, қазіргі заманның батырлары ел ішінде жетерлік. Солардың мерейін асқақтатар «Құрмет күні» сияқты арнайы күн қажет. Бұл күні жастарды осындай азаматтармен кездестіріп, олардың көрген білгенін ұрпаққа өсиет етіп айтып беру парыз. «Осындай қаһармандарымыздың арқасында бейбіт күнге жетіп, тыныш ұйықтап жүргенімізге тағзым ету қажет. Сол батырларымыздың көрсеткен ерлігін естіп өскен жас ұрпақ, болашақта сол азаматтың жолын қуатын шығар деген үмітіміз мол», - дейді Е. Бейсенбаев.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть