Алматыда құрылысы бітпеген ғимаратта өрт шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда құрылысы бітпеген ғимаратта өрт шықты

Алматыда құрылысы бітпеген ғимаратта өрт шықты

Алматыда Шевченко көшесінің бойындағы құрылысы бітпеген ғимараттан өрт шықты. Қызыл жалын 60 шаршы метр аумақты шарпыған.

  • 1 Шiлде 2015
  • 437
Фото - Caravan.kz

«Өрт туралы хабарлама түскі 12:20-да келіп түсті. Шевченко 127 мекенжайы бойынша орналасқан ғимаратта өрт шықты. Тілсіз жау ғимараттың төбесіндегі минватаның тұтануынан басталған. Өртті сөндіруге қалалық өртке қарсы қызметтің 6 техникасы мен 23 адам қатысты», — деді қалалық ТЖД баспасөз қызметінің өкілі Айнұр Дүйсен.

Төтенше жағдай салдарынан жапа шеккендер жоқ.


Өрттің шығу себептері анықталуда.