Жарияланды: 340

Алматыда Қырғызстаннан келген кәсіпкер әйелге шабуыл жасаған екі күдікті ұсталды

Алматы полициясы Қырғызстаннан келген кәсіпкер әйелдерге қарақшылық шабуыл жасады деген күдікпен екі адамды ұстаған. Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметінің басшысы Нұрділдә Ораз мәлімдеді.

«Алматыда криминалдық полиция қызметкерлері жедел іздеу шарасы барысында Қырғызстаннан келген екі кәсіпкер әйелдің жалданбалы пәтеріне қаңтардың басында қарақшылық шабуыл жасаған Алматы облысының екі тұрғынын ұстады», - деп ол бүгін Астанада қысқаша баспасөз мәслихатында атап көрсетті. Ұсталғандардың бірі зардап шеккендермен бірге бұрын Алматының тауар сататын базарында жұмыс істегені анықталды. Қыздар қолма-қол ақшаны үйде ұстайтынын білетін ол қасына үш сыбайласын ертіп, олардың үйіне алдап кірген де, аяқ-қолдарын скотчпен матап, қорқытып ақша талап еткен. Олар екі мың АҚШ долларын, жеке куәліктер мен ұялы телефондарын алып, іздерін суытқан. Шабуыл жасағандар тұтқындалды, қалған сыбайластары іздестірілуде.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін