Алматыда рэкетирлер тобы бір кәсіпкерден $16 мың талап еткен - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда рэкетирлер тобы бір кәсіпкерден $16 мың талап еткен

Алматыда рэкетирлер тобы бір кәсіпкерден $16 мың талап еткен

Жақында полиция қызметкерлері алматылық кәсіпкерден бизнесіне «қамқорлық» көрсеткендері үшін $16 мың талап етіп, 5 ай бойы мазасын алған рэкетирлер тобын ұстады, деп хабарлады агенттікке құқық қорғау органдарындағы дереккөз.

  • 6 Маусым 2011
  • 507
Фото - Caravan.kz

Ақпаратқа сәйкес, қылмыстық топ үстіміздегі жылдың қаңтар айынан бері 49 жастағы бизнесменді күш қолданамыз деп қорқытып, ақша талап етіп, қысым көрсетіп келген. Кәсіпкер мамыр айында полицияға шағымданды.

Дереккөздің хабарлауынша, ізкесушілер рэкетирлерді өткен бейсенбі күні кешке Әуезов ауданының аумағында «Ақсай-1» ықшам ауданындағы көп қабатты бір үйдің қасында қылмыс үстінде қолға түсірді.

«Алматы облысының Талғар ауданында тұратын, бұрын ұрлық пен бұзақылық үшін сотты болған 31 жастағы батысқазақстандық пен оның сыбайласы – ОҚО Түркістан қаласының жұмыссыз тұрғыны кәсіпкерден Т700 мың ақша алып жатқан жерінен ұсталды», – деп хабарлайды дереккөз.

Екеуі де қамауға алынды.

Қазір оқиға орнынан қашып үлгерген үшінші адам іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды құқық қорғау органдарындағы дереккөз.

Соңғы жаңалықтар