Жарияланды: 580

Алматыда рейд нәтижесінде 12 медицина мекемесінің жұмысы қанағаттанарлық емес деп табылды

Алматы. 14 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда рейд нәтижесінде қаладағы 12 медицина мекемесінің жұмысы қанағаттанарлық емес деп табылды,- деп хабарлайды агенттік тілшісі қалалық әкімдіктің абспасөз қызметіне сілтеме жасап. Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, атап айтсақ, бұларда санитарлық - гигиеналық жағдай қалыпты нормаға сай келмейді, медицина обьектілері коммерцияланып, жөнсіз атвотұрақтар қаптап кеткен, тәртіп төмен, сырқаттарға дұрыс

көңіл бөлінбейді, кіші медицина қызметкерлері дөрекілік танытқан, аурулар жайсыз жерлерге орналасқан әрі оларға немқұрайды қарау етек алған, медицина мекемелерінде темекі шегуге жол берілген. Бұл туралы Алматы әкімі Ахметжан Есімовтың төрағалығымен Алматы қаласы мемлекеттік медициналық мекемелердің жұмысы жөнінде өткізілген кеңесте айтылды. Кездесуді ашқан әкім денсаулық саласын қаржыландрудың жыл сайын өсіп отырғандығын атап өтті. Алматыда қала бюджетінің 20 пайызы медицинаны дамытуға арналған. Осы маңызды салада аурудың алдын алу және басқа да оң нәтижелер қалыптасқанымен, қала тұрғындарынан жиі түскен арыз - шағымдар медицина мекемелерінде қызметті асыра пайдалану, сыбайлас жемқорлық, жауапсыздық, бойкүйездік, сырқаттарға немкетті қарау, жұмыста болмау сынды келеңсіз көріністердің етек алғандығын көрсетіп отыр деп атап өтті әкім. Ахметжан Есімов кеңеске қатысушылардың назарын құрамына қала әкімі аппаратының қызметкерлері, БАҚ өкілдері енген арнайы топтың қала медицина мекемелерінің жұмысына рейд жүргізгендігіне, қызмет көрсету сапасы деңгейінің әлі де төмен екендігіне аударды. Алматы қаласы медицина мекемелерінің жұмысын кешенді тексеру тұрғындардан түскен көптеген арыз- шағымдардың негізінде жүргізілді. Алматы қаласының әкімі кеңес қорытындысы бойынша тиісті орындарға, соның ішінде денсаулық сақтау басқармасына көтерілген мәселелер негізінде кемшілікке жол берген денсаулық сақтау мекемелерінің басшылары жөнінде, кадрларды ротациялау, мемлекеттік медицина мекемелерін кәсіби деңгейі жоғары жас кадрлардың басқаруы, денсаулық сақтау басқарамысының жұмысын одан әрі жандандыру мен жалпы тұрғындарға медициналық қызмет көрсетуді жақсарту туралы ҚР-ның Денсаулық сақтау министрлігіне ұсыныс жасауды тапсырды.Әкім медицина саласын басқаруға жас кадрларды көптеп тарту мен озық тәжірибені енгізу бүгінгі күннің талабы екендігін атап көрсетті. "Біздің басты міндетіміз - мәселені ашық айту ғана емес, денсаулық сақтау саласында орын алған кемшіліктерді дер кезінде жою, азаматтардың денсаулығын жіті қадағалау. Өйткені, адам өмірінен асқан байлық жоқ",- деді Ахметжан Есімов. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть