Алматыда Ресей консулы жалға алған коттедж өртенді - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда Ресей консулы жалға алған  коттедж өртенді

Алматыда Ресей консулы жалға алған коттедж өртенді

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 12 қыркүйек. АЛМАТЫ. Алматыда Ресей консулы жалға алған коттедж өртенді. Бұл туралы агенттік тілшісіне Алматы қалалық "Құтқару қызметінің" баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 12 Қыркүйек 2007
  • 435
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Медеу ауданының Көктөбе ауылында 11 қыркүйекте 17 сағат 12 минутта Ресей Федерациясының Алматыдағы бас консулы жалға алып отырған екі қабатты коттедждің шатыры тұтанған. Нысан экстерриториалдық нысанға жатпайды.

«Өрт 150 шаршы метр аумақты шарпыды. Ол 18 сағат 10 минутта шоғырландырылып, 19 сағат 03 минутта сөндірілді», — деп хабарлайды мекеме.

Өрттің шығу себептерін Алматы қалалық өртке қарсы күрес департаментінің анықтау бөлімі айналысуда.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті