Жарияланды: 550

Алматыда Сайран көлін абаттандыруға 160 млн. теңге жұмсалды (ФОТО)

Алматыда Сайран көлін абаттандыруға 160 млн. теңге жұмсалды (ФОТО)

Алматыда биыл Сайран көлін абаттандыру жұмыстарына 160 млн. теңге жұмсалды.

Бұл туралы арнайы баспасөз мәслихаты барысында қалалық Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы бастығының міндетін атқарушы Еркебұлан Оразалин мәлімдеді.

«Аз уақыттың ішінде Сайран көлінің жағалауын абаттандыру бойынша жұмыстар жүргізілді. Егер бұрын жағажай аймағы көлдің шығыс жағында орналасқан болса, енді абаттандыру жұмыстарынан кейін, батыс жағалауда да суға шомылып, демалуға мүмкіндік туады», - деді Е. Оразалин.

Сонымен, Сайран көлінің жағалауына құмды жағажай жасалып, шатырлар,  сегіз киім шешетін орын, қоқыс тастайтын жәшігі бар 80 орындық, төрт балалар ойнайтын кешен, волейбол алаңы және төрт спорттық тренажер және көшелік шамдар орнатылды. Сонымен қатар, құрғақ ағаштарды кесу жұмыстары жүргізілді. Шығыс жағалауда 1400 шаршы метр жерге құм төселіп, әр жеріне ағаш жолдар жасалды. Бұдан басқа, 13 шатыр, 20 шезлонг, 10 қоқыс тастайтын жәшік, бес орындық және көшелік шамдар орнатылды. 4272 шаршы метр жер көгалдандырылып, әр жеріне гүлзар жасалды. Сонымен қатар, балалар ойнайтын кешен және волейбол алаңы дайындалды. Батыс жағалауға да киім шешетін орын, дәретханалар, душ қабылдайтын кабиналар, құтқару мұнаралары және күзет бекеттері орнатылды. Бұдан өзге, жағажайда қоғамдық тамақтандыру және катамарандарды прокатқа беру бекеттері жұмыс істейтін болады.       

«Қазір қала әкімдігі тарапынан көлдің гидротехникалық бөлігін қайта қалпына келтіру бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр. Мақсат - суға шомылу маусымында қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Жоба аясында көлдің бөгетін нығайту, гидротехникалық шлюздарды ауыстыру, Төле би өзенінің солтүстік жағына қарай Үлкен Алматы өзенінің арнасын қайта қалпына келтіру және басқа да жұмыстарды атқару ұсынылып отыр. Бұл жұмыстар биыл күзде басталады», - деді Е. Оразалин. 

1

3

4

2

5

7

8
   
9

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін