Алматыда сел салдарынан қаза тапқандар туралы жалған ақпарат таратушы ұсталды
![]() |
Алматы полициясы сел салдарынан қаза тапқандар туралы жалған ақпарат таратқан адамды ұстады, деп хабарлайды қалалық ІІД-нің баспасөз қызметінен. |
Әлеуметтік желілердің көмегімен сел қалдықтарын тазалау кезінде қаза тапқан 4 адамның табылғаны туралы көрінеу жалған ақпаратты таратушы Алматының 25 жастағы тұрғыны болып шықты.
«Ішкі істер департаменті аталған фактімен ҚР ҚК-нің 274-бабының 2-бөлігімен (ақпараттық-коммуникациялық желілерді пайдалану арқылы көрінеу жалған ақпаратты тарату) қарастырылған қылмыс белгілері бойынша сот алдындағы тергеуін жүргізді. Жедел-тергеу шараларының барысында шындыққа жанаспайтын мәліметтердің авторы анықталып, ол ұсталды. Аталған фактімен тергеу амалдары жалғастырылып жатыр», - деп хабарлады баспасөз қызметінен.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін