Бұл туралы қалалық ТЖД баспасөз хатшысы Сандуғаш Баймұхамедова хабарлады.
"Кешкі 19.07-де Медеу ауданы Жібек жолы-Қонаев қиылыстарында орналасқан сауда үйіндегі өрт туралы хабарлама түскен соң оқиға орнына 13 бірлік техника мен бірнеше өрт сөндіруші бағытталды. Өрт 19.29-да ауыздықталды",- деді Сандуғаш Баймұхамедова.
Өрт 80 шаршы метр аумақты шарпыған. Оның айтуынша, оқиға болған жерден 20 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Жапа шеккендер туралы ақпарат жоқ.