Жарияланды: 100

Алматыда Сталинге арнап ескерткіш қойылды

Алматыда Сталинге арнап ескерткіш қойылды

Алматы қаласының тұрғыны шаһардың Гете көшесінде орнатылған Иосиф Сталиннің ескерткішінің суретін жариялады.

Бұл туралы Pikabu сайтына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Ер адамның сөзінше, ол ескерткішті көргенде, бастапқыда Сталинге ұқсайтындай көрінді деп ойлаған. Артынша ескерткіштің жанына қайта келіп, қателеспегеніне көз жеткізіпті.

«Ғаламтордан мәлімет іздестіріп, ескерткіштің өте жақсы көшірме екенін немесе Қазақстан аумағындағы Старый Икан аулында 2015 жылға дейін тұрған ескерткіштің дәл өзі екенін білдім», – дейді ол.

Сонымен қатар ер адам ескерткішті фильмнің түсіріліміне арналған декорация ретінде орнатылған болуы мүмкін екенін айты.

Tengrinews.kz порталының мәліметінше, Түркісіб аудандық әкімдігі ескерткішке қатысты пікір білдірді. Анықталғандай, Сталиннің ескерткігі «Эвакуация» фильмінің түсірілімі үшін орнатылған екен. Оны 7 желтоқсанда алып тастайды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть