Алматыда супермаркетте полиция қызметкерлері қаруланған екі ер адамды ұстады - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+32 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда супермаркетте полиция қызметкерлері қаруланған екі ер адамды ұстады

Алматыда супермаркетте полиция қызметкерлері қаруланған екі ер адамды ұстады

Алматы супермаркеттерінің бірінде жол-патрульдік полициясының қызметкерлері «Глок» және «Макаров» тапаншаларымен қаруланған екі ер адамды ұстады, деп Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

  • 11 Желтоқсан 2013
  • 392
Фото - Caravan.kz

Кешкі тоғыздар шамасында Алмалы ауданынан полициядағы кейбір деректер бойынша қылмыстық топ мүшесі болуы мүмкін деген екі ер адам ұсталды.

Олардың бірі бұрын адам ұрлағаны, бопсалағаны, жүгенсіздік танытқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Екіншісі де топпен қарақшылыққа барғаны, бұзақылық және адам денсаулығына қасақана зиян келтіргені үшін түзеу мекемелерінде жазасын өтеген.

Алмалы ауданының ішкі істер басқармасы жедел тергеу тобы тапаншаларды тәркілеп, қылмыстық іс материалына тіркеді, деп ІІД жол-патрульдік полиция полкінің командирі Айтжан Әлмұханбетов атап көрсетті.