Жарияланды: 470

Алматыда Т100 млн жымқырғаны үшін мемлекеттік филармония мен МАОБТ бас директорлары шартты түрде 5,5 жылға сотталды

Алматы Медеу аудандық сотының шешімімен Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының бас директоры Аян Сұлтанғалиев пен Абай ат. Опера және балет театрының (МАОБТ) бас директоры Қуаныш Оразғалиев мемлекеттің Т100 млн қаржысын жымқырғаны үшін айыпты деп танылып, әрқайсысы шартты түрде 5,5 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды «Время» газеті.

Еске сала кетейік, өткен жылы екі бас директордың қызметін қаржы полициясы тексеріп, оның нәтижесі бойынша А. Сұлтанғалиевке қызметтік құжаттарды қолдан жасау арқылы Т100 млн-нан аса бюджет қаржысын жымқырған деген айып тақты. Бұл қаржы 2007-2009 жылдары филармонияның ғимаратын күрделі жөндеуге бөлінген болатын. 2010 жылдың 16 маусымында А. Сұлтанғалиев сот санкциясымен қамауға алынды. Қаржы полициясының мәліметтеріне сәйкес, тергеу барысында мемлекеттік филармонияның бұрынғы директоры, МАОБТ бас директоры Қ. Оразғалиевтің 2007 жылы филармонияның ғимаратын күрделі жөндеуге бөлінген Т54 млн жымқыруға қатысы бар екені анықталды. Қ. Оразғалиевке қатысты бюджет қаржысын жымқыру фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалды. 2010 жылдың 31 тамызында қылмыстық істер бір өндіріске біріктіріліп, сотқа жолданды, деп хабарлайды басылым. Газеттің ақпаратына сәйкес, Медеу аудандық сотының үкімімен А. Сұлтанғалиев ҚР ҚК 176 б. 3 б. “б”, “г” т. (ірі көлемде жымқыру) және 314 б. 2 б. (қызметтік құжаттарды қолдан жасау) баптары бойынша айыпты деп танылды. Оған шартты түрде 5,5 жылға бас бостандығынан айыру түрінде жаза белгіленді. Қ. Оразғалиев ҚР ҚК 176 б. 3 б. “б”, “г”т., 307 б. 2 б.(қызмет бабын теріс мақсатта пайдалану) және 314 б. 2б. бойынша кінәлі деп танылды. Оған да шартты түрде 5,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы берілді, Сондай-ақ, сот екеуін де материалдық құндылықтар мен қаржыны басқаруға байланысты қызметтерді 5 жыл мерзімге дейін атқару құқығынан айырды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін