Алматыда «Таблиғи жамағаттың» жақтаушысы сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда «Таблиғи жамағаттың» жақтаушысы сотталды

Алматыда «Таблиғи жамағаттың» жақтаушысы сотталды

Алматыда діни экстремизмді насихаттаған азамат 4 жыл 8 ай абақтыға жабылды. Сәкен Тұлбаев «Таблиғи жамағаттың» үнпарақтарын таратып, аңғал елді сол лаңкестік ұйымның қатарына тартқан.

  • 3 Шiлде 2015
  • 330
Фото - Caravan.kz

Тергеу мәліметінше, үкімді сабырлы қалыппен тыңдап, сыр алдырмаған бұл азамат жұмаға жиналған жастарды «Таблиғи жамағат» ұйымының қатарына тартыпты. Сол мақсатта үндеу қағаздарын да таратқан. Алайда Тұлбаевтың адвокаты мұнымен келіспей отыр. Қорғаушының өз дәйегі бар. Айтуынша, прокурорлар көрсеткен үнпарақтар «Таблиғи жамағат» емес, «Хизб-ут-Тахрирге» тән екен. Қалай дегенмен, бұл екеуі де елімізде тыйым салынған ұйымдардың қатарында.

Жандос Бұлқайыр, С. Тұлбаевтың адвокаты:

— Бүгінгі сот үкімін толығымен негізсіз және заңсыз деп есептейміз, келіспейміз. Оған, иншалла, шағым жазамыз, аппеляциялық шағым.