Алматыда тағы да атыс: контрабандалық жүк тасушылар ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда тағы да атыс: контрабандалық жүк тасушылар ұсталды

Алматыда тағы да атыс: контрабандалық жүк тасушылар ұсталды

Алматы полициясы «Аян» бекетінде «Фольксваген Транспортер» көлігінің соңынан қарулы қуғын салды.

  • 29 Маусым 2015
  • 345
Фото - Caravan.kz

Тәртіп сақшылары көліктен контрабандалық жүк тапты. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлады. 

Көлік жүргізушінің әрекеті күдік туғызған соң құқық қорғаушылар оның артынан түскен. Полициядан қашқан жүргізуші жолдың қарама-қарсы жолағына шығып, көшедегі адамдардың өміріне қауіп туғызған. Жол сақшылары төтенше жағдайды болдырмас үшін көліктің артқы дөңгелегін атты. Жүргізуші көлікті басқара алмай, газель аударылып түсті. Ұсталған көліктің жүргізушісі не көлікке, не тасыған жүгіне құжат көрсете алмады. 


Жол көлік оқиғасы салдарынан көлік жүргізушісінің бас миы шайқалған.