Алматыда Тәуелсіздік монументі жанында мерекелік іс-шаралар өтіп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда Тәуелсіздік монументі жанында мерекелік іс-шаралар өтіп жатыр

Алматыда Тәуелсіздік монументі жанында мерекелік іс-шаралар өтіп жатыр

[wpcode id="1694287"] Бүгін Тәуелсіздігіміздің алтын бесігі саналатын Алматы қаласында да мереке тойланып жатыр, деді 24.kz.  О

  • 16 Желтоқсан 2016
  • 760
Фото - Caravan.kz


Бүгін Тәуелсіздігіміздің алтын бесігі саналатын Алматы қаласында да мереке тойланып жатыр, деді 24.kz. 

Осы шаһарда тарихи шешімдер қабылданып, Конституция, Мемлекеттік рәміздер, ұлттық валюта бекітілді. Алматыда мерекелік іс-шаралар жылдағы дәстүрге сай Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қоюдан басталды. Республика алаңына Алматы қаласының әкімдігі, соғыс және Қазақстан Қарулы күштерінің ардагерлері, саяси партиялар мен қоғамдық ұйым мүшелері жиналды. Жастар ұйымдарының өкілдері мен әскери оқу орындарының курсанттары да гүл шоғын қойып, Тәуелсіздікке тағзым етті. Енді 25 жылдағы жетістіктер жайында айта кетсек. Тәуелсіздік жылдары Алматы мәдениет пен бизнестің және жеке капиталдың қаласы ретінде қалыптасты. 1991 жылмен салыстырғанда, қала экономикасы 100 еседен астам өсіп, бүгінде 41 миллиард долларды құрап отыр. Ал еліміздің Жалпы ішкі өнімдегі үлесі 10 пайыздан 22 пайызға дейін жеткен. Алматы еліміздің бюджетіне салық түсімдерінің үштен бір бөлігін береді. 10 алматылықтың жетеуі шағын және орта бизнес саласында жұмыс істейді. Ширек ғасыр ішінде шаһардағы мектеп саны 40 пайызға артса, тұрғын үй қоры 2 есеге ұлғайған. Халық саны өсті. Мысалы тәуелсіздік жылдары ана өлімі 33 есе, ал бала шетінеуі 2,5 есеге азайған. Тағы бір айта кететін жәйт, Мерекеге орай 136 алматылық Президент Жарлығымен мемлекеттік марапатқа ұсынылды. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған мерекелік бағдарламаларды отшашу аяқтайды. Алматылықтар мен қала қонақтары кешкі сағат тоғызда Республика алаңынан берілетін мерекелік отшашуды тамашалай алады.

 

Соңғы жаңалықтар