Алматыда тілшіні ұрған жігіт ақша таппаған соң қылмысқа барған
Алматыда журналист қызды тепкілеп кеткен бұзақы ұсталды. 22 жастағы жігіт Бота Жұманованы арнайы тапсырыспен қастандық жасаған жоқпын деп ант су ішіп отыр. Айтуынша, ауылға қайтатын ақша таппаған соң қылмысқа барыпты. |
- Журналист Бота деген бейтаныс әйелді байқаусызда ұрып қойдым.
- Не үшін?
- Ақша керек болды жолға...
Әлі жететін адамды іздеп жүріп осы журналистке жолыққан күдікті өзі ешкімнің де жалдамағанын айтады. Негізі осы оқиғадан кейін жұрт «Жұмановаға қастандық жасалған болуы мүмкін» деп топшылаған. Тіпті бір бизнесмен бұзақыны тапқан адамға қомақты сыйақы беретінін де мәлімдеді. Ал, белгілі блогерді ұрып сұлатқан адам Жаркент өңірінің тұрғыны екен. Бірнеше айдан бері ауылға қайта алмай, үстімдегі сол бір киіммен жүрмін деп ақталып отыр күдікті. Тек тілшіні үйіне дейін аңдып барған ұрыны көршілері үркітіп жіберген көрінеді.
Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы ІІД ресми өкілі:
-Алматы қаласында жалдамалы пәтердің бірінде жасырынып жүрген. Өйткені Алматы қаласында тұрғылықты жері жоқ екен. Жалпы өз туған жерінен ол үлкен қалаға нан табу мақсатымен келген көрінеді.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін