Алматыда тоғызыншы қабаттан балаларымен секіріп мерт болған әйелге қатысты полиция тың ақпарат жариялады - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда тоғызыншы қабаттан балаларымен секіріп мерт болған әйелге қатысты полиция тың ақпарат жариялады

Алматыда тоғызыншы қабаттан балаларымен секіріп мерт болған әйелге қатысты полиция тың ақпарат жариялады

Алматы қаласы Жетісу-1 шағынауданында 28 жастағы әйел үш баласымен бірге тоғызыншы қабаттан секіріп кетті деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап.

  • 22 Қараша 2021
  • 42
Фото - Caravan.kz


Оқиға салдарынан әйел мен кішкентай үш бала да қайтыс болды. Үшеуі оқиға орнында көз жұмса, балалардың бірі жедел жәрдем көлігінде жан тапсырған. Олардың үлкені 2015 жылғы, екіншісі – 2016, үшіншісі – 2019 жылғы сәби.

«Қазіргі уақытта қайғылы оқиғаның себептері мен басқа да мән-жайларын анықтау мақсатында Алматы қаласы ПД-де жедел-тергеу тобы құрылды. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 105 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді», — делінген аталған хабарламада.