Алматыда Төле би көшесі ұзартылды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда Төле би көшесі ұзартылды

Алматыда Төле би көшесі ұзартылды

Алматыдағы Төле би көшесі Шығыс айналма жолына дейін ұзартылды.

  • 30 Маусым 2015
  • 764
Фото - Caravan.kz

Құрылысшылар 3 тас жолды төсеуді мерзімінен бұрын бітірген. Қазір жол айрықтарының төңірегін абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жоспарды жүзеге асыру үшін қалалық бюджеттен 12 млрд теңге бөлінген. Сондай-ақ Шығыс айналма жолымен енді кері бұрылыс жасауға болмайды.

Болат Сауранбаев, қала әкімінің орынбасары:

— Тас жолда бұрылыстар жетерлік, олардың барлығы апаттық жағдай туғызатыны мәлім. Енді бұл мәселе бір жақты етілді. Көлік тізгіншілері Құлжа тас жолында, Фурманов көшесінде және Достық даңғылында ғана бұрылыс жасай алады. Бұдан бөлек, Сүйінбай даңғылын Шолоховтан Бекмаханов көшесіне дейін ұзарту жұмыстары аяқталды. Бұл мақсатқа қала бюджетінен 6 млрд теңге бөлініп отыр. Үлкен Алматы каналын «Дархан» ықшам ауданына дейін созу жобасы да межеге жетті. Қаладағы Солтүстік айналма жолында да жөндеу жұмыстары бітті. Бұл аудандағы Москвин көшесінен Бөкейхановқа дейін 10 жаңа қосымша жолақ пайда болды, оның екеуі қоғамдық көліктерге арналған. Ал екіжолақты жол базарға кіретін және тұраққа тоқтайтын көліктерге арналса, қалғаны жылдам жүретін көліктерге бағытталған, — деп хабарлайды 
http://24.kz/
.