Алматыда трамвай депосының орнына саябақ жасалады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда трамвай депосының орнына саябақ жасалады

Алматыда трамвай депосының орнына саябақ жасалады

Алматыда трамвай депосының орнына саябақ жасалады. Бұл туралы бүгін Алматыда Орталық коммуникация қызметінің филиалында Ұлт жоспары - «100 нақты қадамды» орындауда аралық кезеңде жүзеге асырылған істерді қорытындылау бойынша өткен баспасөз мәслихаты барысында қала әкімі Бауыржан Байбек мәлімдеді.

  • 22 Сәуiр 2016
  • 554
Фото - Caravan.kz


«Бұл жоба «Алматы көлігі тарихының мұражайы» деп аталады. Біз бұл жобаны әлі де жан-жақты талқылайтын боламыз. Сметасы жасалады. Сөйтіп, екі гектар жерді алып жатқан аумаққа қала бюджеті есебінен саябақ жасалады», — деді қала басшысы.  

Естеріңізге сала кетелік, өткен жылы күзде трамвай депосының жұмысы тоқтатылған болатын. Бұл шешім трамвайлардың қатысуымен болған екі үлкен жол-көлік апатынан кейін қабылданған еді. Бірінші болған көлік апаты салдарынан 5 адам зардап шегіп, 17 автокөлік зақымдалса, екіншісінде бір адам зардап шегіп, тағы да бірнеше автокөлік зақымдалды.