Жарияланды: 280

Алматыда трамвай тағы да жұрттың жүрегін ұшырды

Жолаушыға лық толы темір жол көлігінің жүріп келе жатқанда алдыңғы дөңгелегі ұшып кеткен.

- Желі шығып кетті, желі шығып кетті!

- Қалай желі шығып кетті?

- Дөңгелегі темір ғой!

- Қоя тұрыңызшы, болды...

Ал қыңыр жауап қайтарып тұрған бұл азамат «Алматыэлектротранс» компаниясының басшысы. Трамвай тағы төңкеріп жатыр деп естеген бойда, оқиға орнына елден бұрын жетіпті. Дегенмен бұл жолы теміржол көлігінен басқаның барлығы сау. Өйткені басқа машиналар жиналып тұрған қиылыстарға жетпей тоқтаған екен. Ал жүріп келе жатып сынған доңғалақтың әбден ескіргені көрініп тұр. Тат басып, тесіліп қалған. Естеріңізге салсақ, мұндай оқиға бұған дейін екі рет болып, трамвайлар 30 шақты жеңіл көлікті қиратып кеткен болатын. Бірақ талай адам жараланғанымен бүгінге дейін не трамвай жүргізушісі, не депо басшысы жауапқа тартылмапты. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін