«Түбіртек талап ет те жүлде ұтып ал!» акциясы қаланың 7 ауданында өткен. Оған қатысу да оңай. Сауда орындарынан алған он түбіртекті бір купонға айырбастау керек. Ал купондар мынадай қорапшаға салынып, ішінен сәті түскен екі адам осы айдың жеңімпаз атанды. Ал акцияның өзі қарашаға дейін жалғасады. Ал желтоқсан айында бүкіл жеңімпаздар арасында автокөлік ойнатылмақ. Ұйымдастырушылар осылайша қалада салық заңнамаларының сақталуын насихаттамақшы екен.
Еділ Әзімшайықов, Алматы қаласы Мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы:
-Халықтан тауарды, болмаса бір қызметті сатып алған кезде чекті сұрауын үйретуге мақсат қойдық алдымызға.Екіншіден, бұл бақылау чектерін сұраған сайын кәсіпкерлеріміздің арасында салықтық, баса да заңдылықтарды сақтау анағұрлым арта түседі деген ой бар.