Алматыда тұрғын үйде болған газ жарылысынан екі адам зардап шекті - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда тұрғын үйде болған газ жарылысынан екі адам зардап шекті

Алматыда тұрғын үйде болған газ жарылысынан екі адам зардап шекті

Алматы. 5-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда тұрғын үйдегі пәтерде болған газ жарылысынан екі адам зардап шекті, деп хабарлады "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне қалалық Құтқару қызметінен.

  • 5 Қазан 2007
  • 573
Фото - Caravan.kz

Төтенше оқиға бейсенбі күні Полежаев көшесіндегі үйлердің бірінде болған. «Үшінші қабаттағы пәтерде болған жарылыс салдарынан өрт шыққан»,- деді құтқарушылар.

Жарылыс пен өрт салдарынан үйдің екі тұрғыны — 18 жасар жігіт пен 86 жасар еркек — 1-ші және 2-ші дәрежедегі күйікпен № 4 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілген.

Құтқару қызметінің ақпараттарына сүйенсек, өрт бес пәтерді шарпыған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті