Алматыда ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметін қаржыландырып отырғандарға қатысты қылмыстық іс қозғалды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметін қаржыландырып отырғандарға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Алматыда ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметін қаржыландырып отырғандарға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Алматыда ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметін қаржыландыру бойынша іс қозғалды.

  • 4 Желтоқсан 2013
  • 425
Фото - Caravan.kz


«Алматы қаласында ІІД-нің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ҰҚК департаментімен бірлесіп, ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметін қаржыландыру фактісі жөніндегі жедел ақпараттың шынайылығын тексерген болатын. Нәтижесінде, Алматы қаласына кірер тұста бұрын сотталған 30 жастағы қала тұрғыны басқарып келе жатқан «BMW» автокөлігі тоқтатылды. Көлікте 33 жастағы жолаушы да болған. Салонды тінту кезінде 10,5 миллион теңге көлемінде ақша тәркіленіп алынды», — делінген ҚР ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінде.
Сол күні Алматы қаласында аталған қылмысқа қатысы бар тағы да үш тұрғын қолға түсті. Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 235-4 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды (Ұйымдасқан топтың, қылмыстық қоғамдастықтың немесе тұрақты қарулы топтың (банданың) қызметін қаржыландыру, сол сияқты мүлікті жинау, сақтау, бөлу, қаржыландыру арналарын әзірлеу). Тергеу амалдары жалғасуда.