Алматыда үлескерлердің қатысуымен салына бастаған нысандарды аяқтауға 10 млрд теңге көлеміндегі қосымша қаражат бөлу жоспарлануда - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда үлескерлердің қатысуымен салына бастаған нысандарды аяқтауға 10 млрд теңге көлеміндегі қосымша қаражат бөлу жоспарлануда

Алматыда үлескерлердің қатысуымен салына бастаған нысандарды аяқтауға 10 млрд теңге көлеміндегі қосымша қаражат бөлу жоспарлануда

Алматы. 4 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда үлескерлердің қатысуымен салына бастаған нысандарды аяқтауға 10 млрд теңге көлеміндегі қосымша қаражат бөлу жоспарлануда, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі сенбі күні ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімовтың төрағалығымен өткен Алматы қаласының үлескерлерінің қатысумен салына бастаған тұрғын үй құрылысындағы ахуалдың жағдайы жөніндегі кеңесте таратылған материалдарға сілтеме жасай отырып.

  • 4 Тамыз 2008
  • 384
Фото - Caravan.kz

Құжатта көрсетілгендей, ақша «үкімет — әкімдік — құрылыс салушы» кестесі бойынша бөлінетін болады.

«Үлестік құрылыс проблемаларын шешу үшін бөлінетін қайтарымды негіздегі 10 млрд теңге көлеміндегі бюджет қаражатын тиімді пайдалану мақсатында 100 пайыздың мемлекет қатысуымен жауапкершілігі шектеулі серіктестік (ЖШС) құрылады. Ол тұрғын үй құрлыс кооперативін құру жолымен 2 897 үлескерді қамтыған 7 құрылыс компаниясының 15 нысанының құрылысын аяқтайтын болады», — деп көрсетілген жарияланған материалда.

ЖШС Әділет министрлігінің органдарында тіркеуден өтуді аяқтап қалды, деп толықтырылып жазылған құжатта.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті