Жарияланды: 650

Алматыда Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне материалдық көмек табысталды

Алматы. 12 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Мәскеудегі Юрий Долгорукий атындағы отандастарды қорғау қоры Алматыда тұратын Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне материалдық көмек табыс етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Қор өкілі Ольга Ентальцеваның айтуынша, бүгін Алматыда тұратын, Қазақстандағы орыс, казак және славяндық ұйымдардың үйлестіру кеңесінің есебінде тұрған 62 соғыс ардагері ақшалы конверттерге ие болды. "Мұндай көмек Мәскеу үкіметінің шетелдегі ардагерлерге көмек көрсету жөніндегі мақсатты бағдарламасы аясында таратылып отыр. Бұл бір реттік қана акция. Ол Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне арналып барлық ТМД елдерінде жүргізіліп отыр. Ардагерлерге олардың әлі де адамдар жадында екенін білдіру - мақсат. Ақшаны Мәскеу үкіметі бөлген, бұл - қайтарымсыз көмек. Көмекті алу үшін тұрғылықты жері бойынша Қазақстан халқы ассамблеясына немесе Қазақстандағы орыс общинасына хабарласу керек. Материалдық көмекпен қатар ардагерлерді көркем әдебиетпен қамтамасыз ету жөніндегі мақсатты бағдарлама тағы бар", - деді О. Ентальцева. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін