Алматыда "үнді" штаммының табылуына орай қалалықтардың қайта вакцина салғызуы керек пе - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда "үнді" штаммының табылуына орай қалалықтардың қайта вакцина салғызуы керек пе

Алматыда "үнді" штаммының табылуына орай қалалықтардың қайта вакцина салғызуы керек пе

Алматыда коронавирустың "үнді" штаммы анықталды. Осыған байланысты қалалықтар қайта вакцинациядан өтуі керек пе деген сұраққа Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин жауап берді, деп хабарлайды Caravan.kz порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

  • 23 Маусым 2021
  • 50
Фото - Caravan.kz

"Қайта вакцинациядан өткізу мәселесі көтерілген жоқ. Өйткені "Спутник V" вакцинасы барлық белгілі мутацияланған штаммдарды инфекциядан қорғайды. Бұл туралы вакцина әзірлеушілердің ресми мәлімдесі бар. Сонымен қатар QazVac вакцинасы үнді штаммына төтеп бере алады", – дейді Бекшин.

Бұған қоса ол Алматыда коронавируспен ауырған 32 науқас қайта ауруға шалдыққан.

"32 адам коронавирусты қайта жұқтырған. "Спутник V" вакцинасының тиімділігі 92% көрсетті. Иммунитеттің қалыптасуы адамның ағзасына байланысты. Бірінде иммунитет бар, енді бірінде әлсіз", – деді қаланың бас санитар дәрігері.

Еске салсақ бұған дейін Жандарбек Бекшин Алматыда коронавирустың "үнді" штаммының табылуына байланысты карантин
күшейтіледі ме деген
сұраққа жауап берген болатын.

Соңғы жаңалықтар