Жарияланды: 480

Алматыда ұнды бөлшектей өлшеп ораумен шұғылданатын жасырын цех табылды

Алматы. 11 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстармен күрес департаментінің қызметкерлері ұнды бөлшектей өлшеп ораумен шұғылданатын жасырын цехты тапты, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Қаржы полициясының қызметкерлері "Барыс-4" базарында тексеру мақсатында сауда жасау арқылы 33-ші контейнерде сапасы нашар ұнды 2 килограммдық орамамен "Цесна" маркалы жоғары сұрыпты ұн ретінде 18 бумаға орап сату дерегін анықтады", - деп хабарлайды баспасөз қызметі. Қаржы полициясы дайын өнімнің "Цесна" сауда маркасымен "Шаңырақ" ықшамауданынан әкелінетінін анықтады. "Шұғыл іздестіру шараларының барысында "Шаңырақ-2" ықшамауданында А.Мусаева есімді жеке кәсіпкердің "Цесна" концернінің брендін пайдаланып заңсыз ұн дайындау дерегі анықталды", - деп хабарлайды қаржы полициясы. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін