Алматыда «Универсиада мұрасы» жобасы жүзеге асырыла бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда «Универсиада мұрасы» жобасы жүзеге асырыла бастады

Алматыда «Универсиада мұрасы» жобасы жүзеге асырыла бастады

Кеше ғана аяқталған кешенді сынның кейінгі ұрпаққа қалдырар мұрасы мол.

  • 15 Ақпан 2017
  • 339
Фото - Caravan.kz

Ең бастысы, сол мұраларды ел игілігі үшін пайдалану қажет. Жоба аясында Атлеттер ауылындағы 140 мыңнан астам тұрмыстық заттар, арнаулы техника мен қондырғылардың барлығы Алматы қаласының 500 әлеуметтік мекемелеріне таратылады. Оның ішінде қаладағы аурухана мен емханалар, мектептер мен ардагерлер үйі және балабақшалар бар. Еліміздегі қысқы спорт түрлерін дамыту мақсатында байрақты бәсекеден қалған спорттық құрал-жабдықтар қалалық және республикалық спорт мектептеріне беріледі. «Төрешілер жұмысын сапалы түрде атқару мақсатында қазір арнайы қондырғыларды үлестіру үшін бірқатар қауымдастықпен келіссөздер жүргізіліп жатыр», — дейді дирекция басшылары.

— Осы Универсиада ойындарының ең үлкен мұраларының бірі осы Атлетикалық қалашық болып табылады. 1748 пәтер қарастырылған. Бүгінгі таңда осы мемлекеттік бағдарлама аясында негізгі тізім бойынша жасақталып, наурыздың 22-сіне дейін бүкіл иелеріне табысталмақшы, дейді Универсиада дирекциясы директорының орынбасары Дидар Сағадиев.


Соңғы жаңалықтар