Алматыда университеттерді стратегиялық басқару жөніндегі Қазақстан-Еуропа аралық орталықты ашу туралы келісімге қол қойылады - kaz.caravan.kz
  • $ 488.11
  • 530.09
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
4 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда университеттерді стратегиялық басқару жөніндегі Қазақстан-Еуропа аралық орталықты ашу туралы келісімге қол қойылады

Алматыда университеттерді стратегиялық басқару жөніндегі Қазақстан-Еуропа аралық орталықты ашу туралы келісімге қол қойылады

25-маусым, сәрсенбіде Алматыда университеттерді стратегиялық басқару жөніндегі Қазақстан-Еуропа аралық орталық ашу туралы келісімге қол қою салтанаты өтеді ,- деп хабарлайды KZ-today тілшісіне аталмыш шараны ұйымдастырушылар.

  • 24 Маусым 2003
  • 963
Фото - Caravan.kz

Орталық құрудағы басты мақсат — Қазақстандық жоғары оқу орындары басшыларына отандық және шетелдік университеттермен , және басқа да халықаралық білім беру ұйымдарымен екі арадағы іскерлік байланыстарды нығайту арқылы қазіргі заманғы стратегиялық менеджменттік технологияларды меңгеруге және оны жүзеге асыруға қолғабыс жасау болып табылады.

Орталық құрылтайшыларының қатарында ҚР білім және ғылым министрлігі, Университеттерді стратегиялық басқару жөніндегі Еуропалық орталығы, Менеджментті дамыту жөніндегі Еуропалық қоры, Қазақстан Жоғары оқу орындарының қауымдастығы, Қазақстандағы кәсіби білім беру ұйымдарының қауымдастығы , Менеджментті дамыту жөніндегі Орталық Азиялық қоры (CAMAN) мен «Халықаралық бизнес академиясы» бар.
Шараны ұйымдастырушылардың хабарлауынша, келісімге қол қою рәсімі өткеннен кейін Менеджментті дамыту жөніндегі Еуропалық қорының директоры Эрик Корнуэл Астанада ҚР білім және ғылым министрі Жақсыбек Күлекеевпен кездеседі.